wrapper

Соңғы жазбалар

بسم  الله الرحمن الرحيم الحمد لله ربّ العالمين و الصلاة و السلام على خير خلقه محمـد و آله و أصحابه أجمعين  

Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын.

Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән.

Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен барша сахабаларына салауат пен сәлем болғай!  

Допинг – спортпен шұғылдану кезінде адамға жасанды түрде артық күш беретін, биологиялық белсенділікті арттыратын, денсаулыққа кері әсері бар препарат.

Шариғат дінді, жанды, ақылды, дүние-мүлікті, нәсіл-текті сақтауға бұйырады.

Спорттың басты мақсаттарының бірі денені тіктеп, денсаулыққа пайда келтіру әрі денеге келетін әр түрлі ауру-сырқаудан сақтап, қуатты-мығым дене ету.

Жалпы алғанда адам денесі табиғи қуатты, төзімді етіп жаратылған. Ал допингтің кез-келген түріне көңіл аударар болсақ, одан адам дене-мүшесіне келіп-кетер ешбір пайда жоқ. Керісінше денені қуатынан айырып, адам өміріне қауіп төндіріп, созылмалы ауруларға шалдықтырады, кейде қайғылы жағдайға душар етуі де мүмкін. Алла Тағала қасиетті Құранда: وَلاَ تُلْقُواْ بِأَيْدِيكُمْ إِلَى

التَّهْلُكَةِ «Өз-өздеріңді қауіп-қатерге итермелемеңдер»[1] – деп бұйырған. Шариғатта: ,

كل ما ثبت ضرره ثبت تحريمه

«Зияндылығы белгілі кез-келген нәрсенің харам екендігі анық» – деген қағида бар.

Допинг қолдану денсаулыққа зиянын тигізіп қана қоймай, адам ағзасының Алла Тағала жаратқан табиғи қалпын жояды.

Допинг қолдану өтірікке, алдауға, табиғи болмысын жасыруға себеп болады. Алла Тағала Құранда:    

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ اتَّقُواْ اللّهَ وَكُونُواْ مَعَ الصَّادِقِينَ «Уа, иман келтіргендер! Алладан қорқыңдар және шыншылдармен бірге болыңдар»[2] – десе, Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

من غشنا فليس منا

«Кім біздерді (мұсылмандарды) алдаса бізден емес»[3]  – деген.  

ҮКІМ: Допинг адам денсаулығына зиян болғандықтан әрі спорттық ұйымдардың талаптарына қайшы келгендіктен оны қолдануға шариғатта тыйым салынады.   

[1] Бақара сүресі: 195-аят.

[2] Тәубе сүресі: 119-аят.

[3] Имам Муслим

http://fatua.kz/kz/post/view?id=916


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk