wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкілдігі Діни басқарманың қарияларға құрмет көрсету, мүгедектерге мейрімділік таныту туралы айлығына сәйкес бірқатар шаралар жоспарлап, іске асыра бастады.

 Осы тапсырмаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы «Күршім аудандық мешітінің» бас имамы Соянұлы Тілейбек қажы аудан орталығында тұратын ақсақалды қарияның үйіне барып, құрмет көрсетті. Мұнда ол қарияның хал-жағдайын сұрап, мешіт атынан иығына шапан жапты. Ақсақал өзінің ризашылығын жеткізді.

 Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Байжігіт баба» мешітінің бас имамы Аманкелді Жарасов бірнеше көп жасаған қариялар мен мүгедектердің үйлеріне барып, халдарын сұрады. Қайырымдылық шарасын жасады. Ауласының қарын күретіп берді.

 Өкілдіктің бастамасымен қайырымдылық шаралары алда да жалғаса береді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk