wrapper

Соңғы жазбалар

Діни басқармадан жарияланған «Дін және тарих тағылымы жылына» аясында ӨМДБ ның Өскемен аймағы өкілдігі бірқатар тарихи танымдық шаралар өткізген болатын. Ұлт тарихын танып білуге арналған іс шарала легін мұнымен де тоқтатпай одан ары жалғастыру бағытында аудан, қала мешіттеріне арнаулы жоспарлы тапсырмалар берген болатын.

Осы тапсырманы жүзеге асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық «Ұранхай қажы» мешітінің жамағат жастары аудан орталығы Ақсауаттағы «Тарихи өлкетану мұражайында» болып, өңірінен шыққан ағартушы ғалымдар мен даңқты батыр аталарымыздың  өмір тарихтарымен танысты. Жәдігерлерді тамашалады. Соңында «Дін жəне Жастар»  деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 «Діни басқармадан дін және тарих тағылымы жылы жарияланып, жыл бойы тарихымызда тануға бағытталған игі шаралар көптеп ұйымдастырылды. Біз жастарымыздың өз ұлтымыздың бай тарихыны танып, зерделеп, зерттеп, ұлттық құндылығымызға құрметпен қарауы керек деп ойлаймыз. Осы бағытта жастар арасына көптеген танымдық шаралар жасап жатырмыз. Бүгінгі шараның да орны ерекше» деп атап өтті, Тарбағатай аудандық «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Жортымов»

 Өкілдіктің бастамасымен және арнаулы жоспарымен қолға алынған шаралар өңірдің басқа да аудандарында жалғасын тауып жатыр.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk