wrapper

Соңғы жазбалар

Ауылдар мен аудандарды діни мамандармен қанымдау туралы Діни басқарманың алға қойған мақсаттары аясында ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі өткен жылдың Қазан айынан бастап мешіт жанынан арнаулы 2 айлық курс ашқан болатын. Оған әр аудандардағы имамдыққа бейімі бар заматтар жинап, оқытып, сертификат беріп, имамы жоқ мешіттерге қызметке жіберілген еді.

Осы оқу курсының 2 айлық екінші маусымында оқыған шәкірттер оқуларын аяқтады. .  Алдымен олардан білікті ұстаздардан құралған топ

2 айда игерген білімдерінен емтихан алып, меңгерген білім деңгейлерін бағалады. Шәкірттер сынақты үздік тапсырды.

Оларға қасиетті жұма күні жамағат алдында Өскемен аймағының өкіл имамы сертификаттарын үлестірді. Имамдыққа бейімі бар азаматтардың бұл жолғы оқу маусымын облыстың 11 ауданынан 40-тан астам шәкірт бітіріп шықты. Оларға жергілікті білікті ұстаздармен қатар Мысыр Араб елінен, Түркия мемлекетінен арнайы ұстаздар шақырылып, дәріс берді.

 «Халықтың діни сауаттылығын артыру үшін және имамы жоқ мешіттерді имамдармен қамту мақсатында облыстық мешіттен арнаулы 2 айлық курс ұйымдастырғамыз. Алғашқы курс Желтоқсан айында бітірген болатын. Бүгін 2-айлық  оқытудың 2-кезеңі оқуларын табысты аяқтап отыр. Бұл шара алда да жалғасын табады.. Біз аудандардан келген шәкірттері мешітте жатар орынмен, ас-сумен қанымдап отырмыз. Өңірде діни мамандар тапшылығын жою бағытын ұстанып отырмыз» деп атап өтті өкіл имам жамағат алдында.

Сонымен қатар ол шәкірттерге сәттілік тілеп, дұға жасады.

Облыстық мешітте 2 ай оқып, сапалы білім алып шыққан шәкірттер мешіт ұжымына, ұстаздар қауымына алғыстарын айтты.

«Халифа Алтай» мешіті енді 2 айлықтың келесі кезеңіне аудандардан шәкірттер қабылдап жатыр..

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk