wrapper

Соңғы жазбалар

Елбасы жолдауын кеңінен насихаттау, ондағы басым бағыттарды қоғамға түсіндіру шараларын ұйымдастыру туралы өкілдіктерге ҚМДБ-дан арнайы тапсырма берген болатын.

Осы тапсырмаға үн қосу, қолдау мақсатында ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі нақты шаралар жоспарын жасап, іске асыра бастады. Осындай шара аясында өкілдіктің іс басқарушысы Берік Кәдіров «Өскемен Стоматологиялық колледжі» студенттерімен кездесу жасады.

Кездесуде ол студент жастарға Елбасы жолдауындағы жастар саясатына қатысты тапсырмаларды таныстырып, кеңінен талдап түсіндірді.

«Қазіргі таңда кері ағымдар қоғамды алаңдатып отыр. Елбасы жолдауында бұл туралы нақты көрсетілген. Жастар барлығымыз кері ағымдарды әлеуметтік желілерде жарнамалаудың алдын алуға үлес қосумыз керек. Жастар отаншыл болуы қажет. Ең бастысы сапалы білім алып, отанымыздың көркеюіне үлес қосумыз аса маңызды» деп атап өтті, ол кездесуде, жастарға.

  Алқалы кездесуге жиналған жастар Б.Кәдіровке сауалдарын жолдап, оларға нақты сұрақтар берілді.

 Іс басқарушы өкілдіктен жастар ісіне қатысты атқарылып жатқан шаралар туралы да баяндап берді.

 Кездесу соңында оқу орнының басшылығы облыстағы белсенді жастардың бірі, Өскемен аймағы өкілдігінің Іс басқарушысы Берік Кәдіровке алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk