wrapper

Соңғы жазбалар

Ағымдағы жылдың қаңтарында өңір башысының облыстық "Халифа Алтай" мешітінің жұмысымен танысуы барысында бас имам Ермек қажы Мұқатай аудандарды аралау үшін автокөлік қажеттілігі туралы айтқан болатын. Сол кезде Даниал Ахметов аталмыш мәселені оң шешетінін айтқан еді.

Бүгін  қасиетті жұма күні аймақ басшысы "Халифа Алтай" мешітіне арнайы барып, жаңа Toyota Camry автокөлігін табыстады. Даниал Ахметов көлікті алуға қолдау көрсеткен «Өскемен құрылыс» компаниясының директоры Ержан Ысқықовқа алғысын білдірді.

Сонымен қатар, облыс әкімі биылғы көктемде мешіт ғимаратының астында орналасқан көлік тұрағының төбесінен су ағуды тоқтату үшін жөндеу жұмыстары басталатындығын айтты.

Облыс әкімінің бақылауға алған тағы бір мәселесі – мешіттің жанынан 50-60 орындық медресе салу болатын. Даниал Ахметов қалалық әкімдікке медресе ғимараты үшін мешіттің жанынан жер бөлуді тапсырды.

Өкіл имам облыс басшысына ризашылық білдірді.

Шығыс қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk