wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде 2 айлық курста білім алып жатқан шәкірттерге облыстық «Дін мәселелелерін зерттеу орталығының» басшысы Индира Беркімбаева келіп, зайырлылықтан дәріс өткізді.  Басшы өз сөзінде зайырлылық қағидаттарының исламдағы көрінісі жайлы нақты дәйектермен жеткізді.

«Еліміз зайырлы мемлекет. Азаматтардың дін ұстану және құқықтары мен бостандықтарына заңдар арқылы кепілдік берілген. Еліміз зайырлылық қағидаларын берік ұстанып келеді» деп атап өтті ол кездесуде.

Ол сонымен қатар кері ағымдардан сақтану жолдары туралы да айтып өтті. Қоғамдағы алаңдатып отырған мәселеге аса сақ болумен қатар ауылдарда осы бағытта жат ағымдарға қарсы күресте белсенді болу керектігін ескертті.

  Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk