wrapper

Соңғы жазбалар

 ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі бойынша ЖАНТ кездесулері аудандарда кең көлемде жүзеге асып жатыр. Бұл бағытта  өкілдік арнаулы жоспар жасап, сол бойынша шаралар жалғасын табуда.

 ЖАНТ кездесу жоспары аясында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы «Мұса баба» мешітінің ұйымдастыруымен осы ауданның «Айыртау ауылдық мешітінде» жамағаттармен кездесу өтті. Кездесуге Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің найиб имамдары мен ұстаздары, Өскемен қалалық мешітерінің имамдары барып, арнайы қатысты.

Жарқын жүздесуде жамағаттарға кері ағымдар жайлы уағыз айтылып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға шақырды.

Сонымен қатар Өскемен қаласында өткен жылы шақырылыған «Ақсақалдар форумының» шешімдері насихатталды. Жамағаттар да имамдарға өз сауалдарын қойды.

 Еліміздің бірлігі мен тыныштығына арналып дұға жасалды. Айыл жамағаттары тағылымды кездесу үшін имамдарға алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk