wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облыстық «Дене шынықтыру, спорт басқармасының» ұйымдастырумен 3-5 ақпан аралығында Өскемен қаласында өткен Армрестлингтен ерлер және әйелдерден 1996-1998 ж т жастар, ардагердер арасындағы «Шығыс Қазақстан облысының чемпионатында» 85 келі салмақ дәрежесінде 1-орын иеленген Өскемен қаласы «Защита» мешітінің жамағаттары Тлек Шаммуханбетов және Тлеужан Койчубаев мешітке келіп, өз қуанышымен бөлісті.

Жүлдегер спортшыны «Защита» мешітінің бас имамы Алмас Кенжеғұлов құрметпен қарсы алып, бұдан арғы да сайыстардан жеңіске жетуін тілеп, дұға жасады.

 Мешіт жамағаттарының алдында имам А.Кенжеғұлов: «Денсаулықты сақтаудың кепілі-спорт. Салауатты өмір сақтаудың пайдасы зор. Асыл дінімізде денсаулық сақтауға айырықшы маңыз берілген. Жамағатымыз жарыстан озып келіп, өз қуанышына мешітімізді ортақтастырып отыр. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерінде басқаның қуанышын бөлісудің сауапты екендігін айтылады. Жамағатымызға сәттілік тілейміз» деп атап өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk