wrapper

Соңғы жазбалар

Діни басқарманың негізгі бағыттарының бірі-қайырымдылық шарасы Өскемен аймағына қарасты аудан мешіттерінде де кең көлемде ұйымдастырылуда.

 Шығыс Қазақстан облысы «Көкпекті аудандық мешіті» аудан орталғында тұратын әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Ауданның бас имамы бастаған имамдар тобы тұрмысы төмен отбьасыларға арнайы барып, олардың жағдайымен танысып, хал сұрасты.

 Қайырымдылық барысында жағдайы төмен отбасыларға мешіттен азық-түлік, басқа да керекті заттар, киім-кешек табысталды.

 «Өкілдіктен бізге қайырымдылық шарасын түрлі бағыттар да ұйымдастыру туралы тапсырма берген болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында мешітімізден ұдайы қайырымдылық шараларын ұйымдастыру көзделіп отыр. Бұл осы істің биылғы жылдағы бастамасы» деп атап өтті Көкпекті ауданының бас имамы Дүйсен Нұрнәсір.

Қайырымдылыққа қамтылған отбасылар арнайы келіп хал-жағдай сұрап, көмек берген аудандық мешітке шын ниетпен алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk