wrapper

Соңғы жазбалар

Жамағаттардың ынтымақ-бірлігін бекем бодыру, кері ағымдардан сақтанып, өзара бірлікті күшейту мақсатында Өскемен қалалық «Защита мешіті» жамағаттар арасында берекетті шара ұйымдастырды.

 Шараға облыстық, қалалық мешіттердің имамдары мен ұстаздары, шәкірттрі, жамағаттар жиналды. Оларға ең алдымен ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірінен салауатты уағыз айтылды.

 Бұдан соң шараға жиналған арнайы жайылған ақ дастархан басына отырып, емен-жарқын сұхбатты жалғастырды. Жиынға арнайы келген имамдар жамағаттарға кезек-кезегімен уағыз, ғибратты насихат айтты.

«Бұл шара жамағаттарымыздың бірлігін күшейтіп, олардың діни сауаттылығын арттыру, кері ағымдардан сақтану бағытында жасалып отыр. Бұл бағытта сонымен қатар тағы да игі шаралар атқарыла бермек» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушы «Защита» мешітінің бас имамы Алмас Кенжеғұлов.

 Жамағаттар шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтып тарқасты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk