wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі аудан, ауыл мешіттерінде бүгінгі таңда қызмет атқарып жүрген молдалардың білімін жетілдіру, біліктілігін ұштауды маңызды міндет ретінде белгілеп, ауданның бас имамдарына осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіріп, молдалар арасына семинарлар мен сабақтар ұйымдастыру туралы тапсырма берген болатын.

 Осы тапсырма аясында Шығыс Қазақстан облысы «Зайсан аудандық мешіті» осы ауданға қарасты ауыл молаларына білім жетілдіру сабағын ұйымдастырды. Семинарға ауыл молдалары дерліктей қатысты. Жиында молдаларға аудандық мешіттің бас имамы және ұстаздар Құраннан, Ақида, Фиқһдан дәріс берді.

 «Имамдарымыздың білімін жетілдіру, олардың біліктілігін арттыру келелі міндет. Біздің мешіт өкілдіктің берген тапсырмалары негізінде мұндай жиындарды алдағы уақытта үздіксіз атқаратын боламыз» деп атап өтті «Зайсан аудандық мештінің» бас имамы Тимур Қайдарұлы.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk