wrapper

Соңғы жазбалар

ЖАНТ аясындағы ҚМДБ- ның Өскемен өкілдігінің аудандарға міндеттеген жоспарлы кездесулерінің аясында Тарбағатай ауданы «Ұранхай қажы» мешітнің бас имамы Айдын Жортымов Ақсуаттағы колледжде болып, студенттермен кездесу жасады. Ол жастармен емен-жарқын әңгіме өрбітті.

 Кездесуде әсіресе бүгінгі таңда белең алып отырған жат ағымдардан сақтану, оның зардаптары мен қорғану жолдары жайлы сөз болды.

 «Жат ағымдардан сақтану үшін діни сауаттылық қажет. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтай білсек, ата-бабалар аманатына адал болып, ел жерімізді аяласақ, Ұлы Жаратушыға деген сеніміміз бекем болса адаспай, . жаман жолдарға түспей, тек тура жолмен жүреміз» деп ерекше атап өтті. Ол, кездесуде.

 Жастар имамға сұрақтар қойды. Кездесу тағылымға толы болып өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk