wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ ның Өскемен аймағы өкілдігінің ЖАНТ бойынша кездесулер жоспарының  аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің найб имамы Мәди Абайұлы Өскемен қаласындағы әскери бөлімде болды.

 Бөлім басшылығы оны жылы шыраймен қарсы алды. Сарбаздармен өткен кездесуде ол «Отан қорғау-исламдағы құрметті іс» тақырыбында ғибратты әңгіме өрбітті. Сонымен қатар кері ағымдардан сақтану жайлы да ескертті. Кері ағымдар туралы терең түсінік берді. Сарбаздар найб имамға кейбір түсінбеген сұрақтарын қойып, жауап алды.

 «Отан қорғау исламдағы аса сауапты іс. Ардақты пайғамбарымыздың отанды сүю, ел шекарасын қорғау ең сауабы мол, құрметті іс, абыройлы қызмет деп көрсеткен. Сіздердің Тәуелсіз Отанымыздың байтақ шекарасын қорғаудағы ерен еңбектеріңізге, сауапты әрі салауатты қызыметтеріңізге біз ерекше құрметпен қараймыз. Отанды сүйіп, сарбаздарға құрмет көрсету әр адамның абыролы парызы» деп атап өтті, Мади Абайұлы өз сөзінде.

 Кездесу ғибратты әңгімелерге толы, әсерлі болды. Әскери бөлім басшылығы кездесу ұйымдастырған үшін өкілдікке алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

 «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk