wrapper

Соңғы жазбалар

Имамдардың біліктілігін көтеру, зайырлы білім алуына қолдау жасау, өздерін жетілдіру бағытында өкілдік тарапынан бастамалар ұйымдастыру туралы Діни басқарманың тапсырмаларына сәйкес ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі Шығыс Қазақстан облыстық А.Пушкин атындағы кітапханамен ынтымақтастықа жұмыстап келеді.

Облыстық «Халифа Алтай» мешітінде аудандардан келіп, 2 айлық курста оқып жатқан шәкірттер облыстық кітапханамен танысты.

Шәкірттерді кітапхана қызметкері жылы шыраймен күтіп алып, ғимарат ішін аралатты. Кітапханада қандай қызметтер көрсетілетіндігін жеке-жеке таныстырып, көрсетіп берді. Әсіресе шәкірттерді мұндағы замануи жабдықталған орталықтар мен шет тілдерін үйрету бөлімдері қызықтырды.

Мұнан соң шәкірттер «Елбасы тандағы оқу залында» болып, Елбасының ғылыми еңбектерімен, тарихи фото суреттерімен танысты.

Сонымен қатар Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған кітап көрмесімен тамашалады.

 «Біздің имамдарымыз бен шәкірттерміз кітапханаға үнемі келіп, өз білімдерін толықтырып тұрады. 2 айлық оқуда алыс аудандардан келіп білім алып жатқан шәкіртерді кітапхана мен мұражайларға апарып таныстырып , шаралар ұйымдастырудамыз» деп атап өтті, шараның ұйымдастырушы облыстық мешіт имамы.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk