wrapper

Соңғы жазбалар

Елбасы Н.Назарбаевтың жолдауы қоғамда кеңінен талқылануда. ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің бастамасымен қасиетті Жұма күні Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің «Ақсақалдар алқасының» арасында  жолдауға қолдау көрсету шарасын өткізді.

Мұнда облыстық мешітте ақсақалдар жиналып Елбасы жолдауындағы ұрпақ тәрбиесіне қатысты айтылған тапсырмаларды талқылап, әрқайсысы өз ойларын білдірді.

Елбасы жолдауын насихаттап, өзектілігін, маңыздылығын жете түсіндіру, жалпы қоғам болып үн қосу бәрінен маңызды.

Елбасы өз жолдауында діни экстремизмді жарнамалауға тыйым салуда қоғамдық ұйымдардың атсалысуы маңызды екендігін айтқан болатын. Осы орайда жолдауды қолдауға келген ел ағалары өткен жылы елімізде алғаш рет Өскеменде өкілдіктің өткізген Ақсақалдардың I өңірлік форумының қарарын жолдаудағы мемлекет басшысының тапсырмасымен ұштастыра отырып, кері ағымдарға тосқауыл қойып, жолдауға үн қосуға қосуға шақырды.

Ақсақалдар осы жиынды ұйымдастырған үшін өкілдікке алғыс білдіріп, елімізге амандық, Елбасымызға ұзақ ғұмыр,жұртымызға тыныштық тіледі.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk