wrapper

Соңғы жазбалар

Қайырымдылық шараларына кең өрістетіп, қоғамдағы мұқтаж отбасыларға, аз қамтылған топтарға көмек көрсету туралы Діни басқарма тарапынан өкілдіктерге бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын.

Осы міндет аясында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Ақсуат ауылдық мешіті» Ақсуаттағы «Оңалту орталығындағы» балаларға қайырымдылық жасады. Мұнда орталықтағы бүлдіршіндерге ойыншықтар мен әртүррлі сыйлықтар, қажетті заттардан сыйлық ұсынды.

Мешіт тарапынан жасалған қайырымдылыққа балалар да разы болып, бір сәт серпіліп, қуанып қалды.

«Балалардың көңіліне қуаныш сыйлаудың өзі бір ғанибет, әрі аса сауапты іс. Біз бұл шараны алда әлі де жалғасытратын боламыз. Қайырымдылық шара жасау мешітіміздің алға қойған міндеттерінің бірі. Ауданымыздағы «Оңалту орталығымен» бірлесе жұмыс атқаратын боламыз» деп атап өтті, қайырымдылық шарасында Тарбағатай ауданының бас  имамы Айдын Жортымов.

Игі бастамасы үшін «Оңалту орталығы» басшылығы аудандық мешітке ризашылық білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk