wrapper

Соңғы жазбалар

Елбасы жолдауын талқылау, насихаттау бағытындағы ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданына қарасты мешіт имамдары бас қосып, Елбасымыздың .2017 жылғы жолдауын талқылады.

Шара «Зайсан аудандық мешітінің» ұйымдастыруымен аудандық мешітте өтті.

Жиында Зайсан ауданының бас имамы Тимур Елеуов ҚМДБ-ның Өскемен өкілдігінің тапсырмасы аясында Елбасы жолдауын талқылап отырғандығын айта келе, жолдаудың басым бағыттарына тоқталды.

«Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындау, әсіресе діни білім беру, діни экстремизмді жарнамалаудың алдын алу қатарлы негізгі міндеттерді орындау басты мақсатымыз, Елбасы діни лаңкестікті жарнамалауға қарасты күресте қоғамдық ұйымдардың да ролінің маңызды екендігін айтты» деп атап өтті, ол.

Сонымен қатар ол жолдаудағы діни экстремизммен күрес, білім беру қатарлы басым бағыттарына жете тоқталып, талдап түсіндірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk