wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінен ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау, қосымша шаралар жасау туралы Өскемен өкілдігінің тапсырмасын іске асыру бағытында Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық «Ұранхай қажы» мешітінде ауыл молдаларымен жиын өтті.

 Жиынға «Ұранхай қажы»  мешітіне қарасты ауылдық мешіттің молаларымен аудандық мешіт қызметкерлері қатысты. Басқосуда «Ұранхай қажы» мешітінң бас имамы Айдын Жортымов 2017-жылға арналған ҚМДБ-ның Өскемен өкілдігінің жоспарымен таныстырды.

Бүгінгі таңдағы атқарылуға тиіс маңызды мақсаттары беліледі. Сонымен қатар қазіргі таңда аудан көлемінде атқарылып жатқан игі істерге тоқталып, ауыл имамдарына өкілдіктің тапсырмаларын орындауда нақты міндет жүктеді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk