wrapper

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің ЖАНТ жоспары бойынша Өскемен қалалық мешіттердің найб имамдары Ұлан ауданы «Мұса баба» мешітінде болып, жамағаттармен кездесті.

Ең әуелі жиналған жамағаттарға Мысыр Араб елінен келген ұстаз иман, сенім хақында тағылымды насихат айтты.

Бұдан соң ЖАНТ құрамындағы найб имамдар әртүрлі тақырыпта әңгіме өрбітті. Уағыз тыңдауға мешіт жамағаттарымен қоса Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кент тұрғындары да мол жиналды.

Әңгіме барысында кері ағымдардан сақтану, иман, амал хақында ғибратты насихат айтылды.

 Кент тұрғындары әсерлі кездесу үшін ЖАНТ мамандарына алғыс айтты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk