wrapper

Соңғы жазбалар

Салауатты өмір салтын насихаттау, мешіт шәкірттерін спортқа баулу, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатындағы ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің 2017-жылға жоспарлаған жұмыстарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы «Зайсан аудандық орталық мешітінің» «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен əйел жамағаттары арасында спорттық ойындарынан жарыс өтті. Сайыста әйелдер мен қыздар өзара командаға бөлініп волейбол және көңілді старттан жарыс өткізді.

Шараны тамашалауға жамағаттар да көп жиналды. Жамағаттар спортшыларды қолдап отырды.Әйелдер мен қыздар сайыстарға аса белсенді қатысып, ойын тартысты, қызықты өтті.

Жеңіске жеткен командаға аудан имамы сыйлық, марапат ұсынды.

«Алдағы уақытта мұндай спорттық шаралар жиі ұйымдастырып тұрамыз. Біз жамағаттар мен шәкірттердің ынтымағына, спортқа қызығшылығына да мән беріп келеміз» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушылар.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk