wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің тапсырмасымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің найб имамы Мәди Мухтанов Ұлан ауданы «Мұса баба» мешітінде болып, жамағаттарға жұма уағызын айтты.

Ол жамағаттың сауалдарына жауап беріп, «Иман мен амалдың» қасиеттеріне терең үңілді.

Сонымен қатар осы мешіттің ұстазы Ақзанбек Маушиан Глубокое ауданы «Ақтас» мешітінде жұма уағызын айтты.

Имамдардың аудандарға уағыз айтуы өз кезегінде олардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, имамдардың өзара тәжірибе  алмасуына ықпал етеді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk