wrapper

Соңғы жазбалар

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Назарбаевтану орталығында» осы университеттің «Ертіс толқыны» шығармашылық тобында қалам тербеп жүрген жас ақындары мен әдебиетшілері Қазақстан Жазушылар Одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, жазушы Әлібек Қаңтарбаевпен және белгілі ақын, драматург Әскерхан Ақтайлармен кездесті.

Жиында жазушы Әлібек Қаңтарбаев облыстық филиалдың бүгінгі жәй-күйі туралы жас қаламгерлерге кеңінен әңгімелеп берді. Сонымен қатар жаңа жылға алға қойып отырған жоспарларымен таныстырды. Жастар өздерінің көкейлерінде жүрген пікір-ұсыныстарын айтты.

 Бұдан соң ақын, драматург, ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің  баспасөз хатшысы  Әскерхан Ақтай жас шығармашылық иелеріне бүгінгі таңдағы шығармашылықты насихаттау үрдісі туралы айтты. Өзінің шығармашылығымен таныстырды. Жас ақындардың алдында өлең оқып берді.

 Сонымен қатар кездесуде ақын, журналист Мұратхан Кенжеханұлы, Есімжан Нақтыбайлар өз ойларын ортаға салды.

Кездесуге қатысқан жас ақындар өздерінің сыршыл, жалынды жырларын оқыды. Дәстүрлі ән әуеледі.  

 Айтулы рухани шараны С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың проректоры, ғалым Бауыржан Ердембековтың бастамасымен облыстық «Ертіс толқыны», «Шабыт» шығармашылық ақындар мектептерінің жетекшісі, ақын Қызырбек Дүргінбайұлы ұйымдастырып, жүргізді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk