wrapper

Соңғы жазбалар

Салауатты өмір салтын насихаттау, жамағаттардың бірлігін бекемдей түсу мақсатындағы Діни басқарманың ресми тапсырмалары аясында  Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Байжігіт баба» мешітінің ұйымдастыруымен «Ақжар» ауылы жамағаттары арасында хоккей сайысы өтті.

 Шараға ауылдағы спорт сүйер жамағаттар, жастар, мешіт қызметкерлері қатысып, таза ауада, көк айдын бетінде шайба соғып,  нағыз бәсекенің көрігін қыздырды.

 «Діни басқарманың тапсырмаларының сай біз өкілдіктен бекітілген жоспар бойынша осы игі шараны өткізіп отырмыз. Жастар жағы белсенді қатысуда. Біз салауатты өмір салтын, насихаттауға барынша мән береміз» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушылар.

Жарыс қызу тартысты өтті. Бәсекеде топ жарып, қарсыласынан озған хоккей командасына  «Байжігіт баба» мешіті атынан имам сыйлық ұсынды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk