wrapper

Соңғы жазбалар

Жергілікті ақпарат насихат тобының (ЖАНТ) жұмыстарын пәрменді ұйымдастыру туралы Діни басқарманың тапсырмасы аясында ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкілдігінің бастамасымен білім ордаларында ЖАНТ мүшелері кездесулер жасай бастады.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің найб имамы Мәди Абайұлы «Дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы мектеп лицей-интернатына» барып, оқушы- ұстаздармен кездесті.

Жас өрендер алдында ол жат ағымдарыдың әсері мен одан сақтану жолдарынан ғибратты насихат айтты. Адасудан аулақ болу туралы нақты мысалдар келтірді.Оқушылардың сауалдарына жауап берді.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің  ұстазы Ақзанбек Маушиан Өскемен қаласындағы «Алтай» қайырымдылық мекемесінің шәкірттерімен кездесіп, оларға «Иман мен амал» тақырыбында тұщымды насихат айтты.

Өскемен қаласындағы «Мұхамади» мешітінің ұстазы Ерқанат Тұрымтайұлы «Өскемен қаласы әкімдігінің №45көп бейінді орта мектебінде» болып, жас өрендерге отанды сүюдің маңыздылығы туралы баяндады. Шәкірттердің байбына бара алмай жүрген сан ондаған сауалдарына нақты жауап берді. Татымды насихаты үшін білім ордасының басшылығы Ерқанат Тұрымтайұлына алғыс білдірді.

Өңірдің аудандарында да ЖАНТ қарқынды жалғасуда.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk