wrapper

Соңғы жазбалар

Отанымыздың байтақ шекарсын күзетіп жүрген србаздарға дініміз ислам қашанда құрметпен қараған. ҚМДБ-ның тапсырмаларының негізінде Шығыс Қазақстан облысы «Күршім аудандық мешітінің» бас имамы Соянұлы Тілейбек қажы әскери бөлімде болып, сарбаздармен кездесті. Ол ең алдымен еліміздің шекарасын кірпік қақпай күзетіп жүрген сарбаздардың хал-жағдайын сұрады. Сонымен қатар Соян ұлы Тілейбек қажы әскерилерге исламдағы отан қорғаудың маңыздылығы мен сарбаздарға құрмет көрсету, отан үшінгі қызмет туралы тағылымды насихат айтты. Сарбаздарда имамның ғибратын ұйып тыңдап, арасында сауалдар қойып отырды. Осындай танымдық кездесуі үшін әскери бөлім басшылығы аудан имамына алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk