wrapper

Соңғы жазбалар

Діни мамандардың білімін жетілдіру, оларды семинарларға және оқыту курстарына қатму арқылы біліктілігін жоғарлату туралы Діни басқарманың тапсырмаларының негізінде ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өңірге қарасты қалалық, аудандық мешіттердің наиб имамдарының 3 күндік семинары болып өтті.

Семинарға қатысқан наиб имамдарға Мысыр Араб Республикасынан келген арнайы ұстаз және облыстық мешіттің біліктілігі жоғары имамдары дәріс өткізді. Имамдарға фиқһ негіздерінен, Құраннан, ақида ілімінен сабақ берілді.

Сонымен оларға қатар қазақ халқының би, шешендерімен көсемдерінің тағылымды насихаттарынан, ұлтымыздың салт-дәстүрінен дәріс өткізілді.

«Бүгінгі таңда имамдардың білімін ұдайы жетілдіріп отыру заман талабы. Имамдарымыз білікті де білімді болуы қажет. Бұл шара алдағы уақытта да жалғасын табады. Біз имамдарымыздың білімін жетілдіру үшін оларды жан жақты қолдаймыз» деп атап өтті, өкіл имам.

Семинарға қатысқан наиб имамдарға өкілдіктен сертификат берілді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk