wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бүгін облыстық "Халифа Алтай" мешітінде болды. Аймақ басшысы мешіттің жұмысымен танысып, қордаланған кейбір мәселелерді бюджеттік емес қаржы көздерін жұмылдыра отырып шешуге қолдау көрсететінін айтты.

Облыс әкімі ең алдымен мешіт ғимаратының астында орналасқан көлік тұрағының төбесінен су ағуды тоқтату үшін тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігіне тоқталды.

Одан кейін ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлының облыс орталығына мешіттің жанынан 50-60 орынды медресе салу туралы ұсынысын толығымен  қолдап, жобалау институтына жоба дайындап беруді тапсырды.

Сонымен қатар, өңір басшысы жақын арада мешітке жеңіл көлік алу мәселесін шешіп беретіндігін айтты.

Өз кезегінде өкіл имам Ермек қажы Тасболатұлы облыс әкімін ҚМДБ Өскемен өңірі бойынша өкілдігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды.

Даниал Ахметов мешіт қабырғасында екі айлық сауат ашу курсында оқып жүрген азаматтармен жүздесті.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk