wrapper

Соңғы жазбалар

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Хикмет» телерадиостудиясының жетекшісі Ерболат Айтбайұлы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен мүфтият қызметкерлеріне студияның 2017 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

Басқосуда Бас мүфти «Хикмет» ТВ-ның Діни басқарманың тікелей қарамағына өткенін тілге тиек етіп, студияның бүгінгі заман талабы мен жамағаттың сұранысына орай заманауи, рухани, діни бағытта телерадиоөнімдерді шығарып келе жатқанын сөз етті.

«Қазір жастардың басым көпшілігі діни ақпаратты ғаламтордан, әлеуметтік желілерден, телеарналардан алады. Біздің студия еліміздегі діни ақпарат кеңістігін дәстүрлі Исламның асыл құндылықтарымен толтыруы тиіс. Осыған аса мән берулеріңіз керек», – деп атап өтті Ержан қажы Малғажыұлы.

Бас мүфти студия жұмыстарын жетілдіруге қатысты нақты тапсырмалар берді. ҚМДБ-ның бөлім меңгерушілері де осы бағытта өз ойларымен бөлісті.

Айта кетейік, ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының 2016 жылдың 22 желтоқсандағы бұйрығымен «Әзірет Сұлтан» мешітіне «Республикалық Бас мешіт» деген айрықша мәртебе берілген болатын. Сонымен қатар Бас мүфти бұйрығымен мешіт жанындағы «Хикмет» телерадиостудиясы ҚМДБ-ның қарамағына өтті. 

ҚМДБ-ның баспасөз қызметі

www.muftyat.kz


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk