wrapper

Соңғы жазбалар

 Өңірді сауатты діни мамандармен қанымдау мақсатында ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі өткен жылы аудандармен ауылдардағы имамдыққа бейімі бар азаматтарды жинап 2 айлық курс ұйымдастырған болатын. Алғашқы кезекте білім алғандар, өкілдіктен арнаулы сертификат алып, қазірде имамы жоқ мешіттерге жұмыстай бастады.

 Осы бастама өз жалғасын тауып 2017 жылғы оқу маусымы басталды. 2-кезекті курсқа өңірдің әр аудандарынан 40-тан астам азаматтар қамтылып, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің дәрісханасында оқып жатыр.

 Шәкірттерге мемлекет аралық келісім бойынша Мысыр Араб республикасынан арнаулы ұстаз келіп дәріс беруде. Сонымен қатар жергілікті мешіттердің білікті имамдары арнаулы бөліспен сабақ жүргізіп жатыр.

Демалыс күндері шәкірттерді Өскемен қаласындағы этнографиялық мұражайға, тарихи фильмдерге, театрдағы тарихи қойылымдарға апарып тамашалату да қарастырылған.

 «Ең алдымен шәкірттерге қысқа мерзім ішінде сапалы білім беру басты мақсат ретінде көзделген. Біз осы курсты ұйымдастыру арқылы өңірдегі имамы жоқ мешіттерді имам-молдалармен қанымдау мәселесі шешіледі. Бүгінгі таңда ауылдарды сауатты, имам-молдалармен қанымдау өңірдегі басты мәселе болып отыр. Біз өкілдіктің барлық мүмкіндіктерін жұмылдырып отырмыз» деп атап өтті өкіл имам.

 Шәкірттердің  күніне 3 мезгілдік ас суы мен жатар орны , оқу құралы өкілдік тарапынан қамтамасыз етіліп отыр.

Дәрістер кестеге сай жүрілуде. Шәкірттер де бар ынтасымен қатысуда.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk