wrapper

Соңғы жазбалар

Жамағатты бірлікке ұйыстыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы Діни басқарманың тапсырмаларының негізінде Шығыс Қазақстан облысы «Шемонаиха аудандық мешітінің» ұйымдастыруымен аудан орталығында теннис бәсекесі өтті.

Сайысқа мешіт жамағаттары мен жастар, теннис спортына әуесқойлар қатысты. Ойындар тартысты, қызықты өтті. Жарысты келіп тамашалағандардың да қарасы көп болды.

Қарсыластарынан озып шығып шылбыр ұстатқан спортшыларға ауданның бас имамы Иврахим Еркінбай мешіт атынан сыйлықтар ұсынды.

«Жамағаттар арасында спорттық шараларды көптеп ұйымдастыру туралы өкілдіктен арнаулы жоспар жасап, бекітіп берген болатын. Осы жоспарға сәйкес біз теннис сайысын ұйымдастырып отырмыз. Бастама алдағы уақытта да жалғасын табады. Бүгінгі сайысқа спортшылар белсенді қатысты» деп атап өтті ол.

Сайысты ұйымдастырған мешіт ұжымына қатысушылар алғыстарын білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай»  

мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk