wrapper

Соңғы жазбалар

Өкілдіктердің тыныс-тіршілігін кең ауқымда насихаттау, ислам жауһарларын халыққа ұсыну, ақпарттары жедел жеткізу туралы Діни басқарманың тапсырмаларына сәйкес ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдгінің ресми сайты «qalam.kz» деген атпен оқырманға жол тартты.

Сайт барынша оңтайландырылған. Ғибратты сөздер, ислам ғұламаларының насихат баяндары мен тағылымдары «Қайнар көз» айдарында жарияланады. Қазақтың ұлы ойшылдары мен көсемдерінің тағылымға толы өсиеттерінде «Ғибратнамада» орын берілген. Сонымен қатар дінтанушы ғалымдарымыздың өзекті мақалалары да сайтта күнделікті жарияланып тұрады.

 Әртүрлі рәсімдер бойынша «Ғұламалалар кеңесінің» пәтулары да бұл сайттың «Пәтуа» айдарынан орын алады.

 «Тарих парағы» айдарынан тарихымызға қатысты құнды жазбалармен деректерді оқуға болады.

 «Дін мен дәстүр» бөлігінен дінімізбен салтымыздың, дәстүріміздің асыл жауһарларымен танысуға мүмкіндік бар.

 Сайт көркем дизайнмен, өзгеше нақышпен көркемделген. «qalam.kz» ислами ағартушылық порталы оқырмандардың рухани сұранысын қанағаттандыратын, тағылым мол танымдық қазыналарға толы ақпарат құралы болу үшін тың ізденістермен қызмет атқаратын болады.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай»  мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk