wrapper

Мұсылман күнтізбесіндегі қасиетті айларда қайырымдылық шаралырн өрістету туралы ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық «Мұса баба мешіті» 20 отбасыға қайырымдылық көмегін көрсетті.

«Мұса баба» мешіті Қайсенов кентінде тұратын тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылардың тізімі бойынша кезең-кезеңімен қайырымдылық шарасын жасап келеді.

Шара туралы: «Аз қамтылған отбасыларыға азық-түлікпен қайырымдылық жасап отырмыз. Қасиетті айдың берекетін қайырымдылық жасау арқылы насихаттаудың маңызы ерекше. Шара алдағы уақытта да жалғасатын болады» деп атап өтті, Ұлан аудандық «Мұса баба мешітінің» бас имамы Зауатбек Сайлауұлы.

Қайырымдылық шарасына қамтылған отбасылар аудан мешітінің қолдауына өз алғыстарын білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk