wrapper

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Зекет және қайырымдылық қоры» өңірде қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастырып жатыр.

Осынау қайырымдылық бағыты аясында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық «Ұранхай қажы» мешіті бірнеше мұқтаж отбасыларға 10 тоннадан астам көмір түсіріп берді. Бұл сауапты іске Ақсуат тұрғындары ерекше қуанды.

Қайырымдылық шарасы туралы Тарбағатай аудандық «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Құсманұлы: «Қазіргі таңда тұрмысы төмен отбасылар отын алуға қиындықтар туындап отыр. Біз осы мәселеге барынша назар аударып, көмекке зәру отбасыларға қайырымдылық жасау ісін қолға алудамыз» деді.

Қыстық отын алған отбасылар аудан мешітіне алғыстарын білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызыметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk