wrapper

Соңғы жазбалар

     Төтенше жағдай кезінде және қасиетті Рамазан айында арақ-шарап сатпау оны мүлде тұтынбау туралы Өскемен аймағының дін қызметкерлерінің игі бастамасы халықтан зор қолдау тауып, өңірдің қала, аудан, ауылдарынада арақ-шарап сатуды уақытша доғарған дүкендер саны күн санап көбейіп келеді.

Осы игі бастаманы қолдаған Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы «Көкжыра», «Үлгілі малшы» ауылының кәсіпкерлерінің бірі: «Рамазан айында арақ-шарап сатуды тоқтаттық. Ораза кезінде бізде арақ сатылмайды. Бастама тұрғындар тарапынан қолдау тауып отыр» деп атап өтті.

Ораза кезінде және әлемді жайлаған індет кезінде әр адам жеке карантин тәртібін сақтап, кәсіпкерлер арақ-шарап саудаламай, қасиетті айда имандылықпен адамгершілік құндылықтарды, мұқтаждарға қайырымдылық жасап, иманды нығайту адам баласын бірден бір ізгілікке жол екендігі анық.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk