wrapper

Соңғы жазбалар

       ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі діни қызметкерлермен жастар арасында боулингтен сайыс өткізді. Жарысқа қалалық мешіттердің дін қызметкерлерімен қатар Шығыс Қазақстан педагогикалық-гуманитарлық колледж студенттерінен құралған 8 топтың құрамында 50-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс ҚМДБ-ның құрылғандығының 30 жылдығына арналды.

Бұл бәсекені ұйымдастыруға Өскемен қалалық мешіттері үлес қосты. Іс-шара туралы Шығыс Қазақстан облыстық«Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдин: «Діни қызметкерлер арасындағы бұл сайыс діни қызметкерлердің ептілікті, жылдамдықты қажет ететін ойындарға қызығушылығын арттыру, береке-бірлігін нығайту мақсатында жасалды. Сонымен қатар имамдардың демалыс уақытын дұрыс пайдалануғада назар аударылып отыр» деп атап өтті. Сайыс аса қызықты, тартысты жүрілді.

Бәсекеде «Өскемен қалалық орталық мешіті» 1-орын, Өскемен қалалық «Мұхамади» мешітінің командасы 2-орын, Ұлан аудандық «Мұса баба» мешіті 3-орын жеңімпазы болып, өкілдік тарапынан сыйлыққа ие болды. Ойынға белсенді қатысқан басқа командаларға алғыс айтылды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk