wrapper

Соңғы жазбалар

    ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі өңір бойынша «Жамағатпен жүздесу» аптылығын жариялаған болатын. Осы бағыт аясында Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мешітінен ауданға қарасты барлық ауылдық мешіттерде ЖАНТ мүшелері кездесулермен насихат шараларын жүргізді.

«Күршім ауданының бас имамы Тілейбек Соянұлы «Боран» ауылында болып, ауылдық мешіттің хал-жағдайымен танысып, ауыл жамағатымен жүздесіп қайтты. Ауданның бас имамы жиналаған жамағатқа алғыс айтудың тәрбиелік мәні туралы насихат айттып, жамағаттың сауалдарына жауап берді.

«Күршім аудандық мешітінің» ұстазы Құмарбек Нәжат мектеп оқушыларымен кездесіп, Абай тағылымнан насихат айтты.

Сонымен қатар «Күршім аудандық мешітінің наиб имамы Шәмерхан Ажы Осы ауданынң Қайыңды ауылдық орта мектебінің оқушыларымен кездесті. Кездесуде наиб имам ҚМДБ-дан қабылданған «Жеті рухани қазық» рухани тұғырнамасын таныстырды.

Наиб имам «Жеті рухани қазық жеті құндылықты талдаған бірегей құжат. Рухани тұғырнама жас өрендердің отаншыл, адал болып өсуіне ықпал етеді» деп аталаған құжатты жаны-жақты таныстырып, оқып түсіндірді.

Мектеп басшылығы наиб имамға тәлімдік кездесуі үшін алғыс айтты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі  


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk