wrapper

Соңғы жазбалар

       Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде 2 апталық дәріс алып жатқан әйел-қыз шәкірттер «Ислам мәдениеті» мұражайымен танысты.

ҚМДБ Өскемен аймағының әйел-қыздар секторының жетекшісі Т.Қожахметова шәкірттерге мұражайды аралатып, таныстырды.

Ол әр жәдігерге тоқталып, мұражай Ислам руханиятымен қатар ұлтымыздың тарихынан мол мағлұмат беретін мұраларға толы екендігін жеткізді.

Т.Қожахметова: «Ислам мәдениеті» мұражайының мешітте ашылуы ұлтымыздың тарихи санасын жаңғыртып, діни- ордалардың мәдени-ғылыми орталыққа айналуына өз ықпалын тигізетін тың бастама ретінде бағаланып отыр. Мұнда жастар, оқушылар, әр мемлекеттен келген туристер, басқа облыстардан қонақтар келіп тамашалап, тарихымыздан мол мағлұмат алуда» деп атап өтті.

Шәкірттер мұражайды жоғары бағалады.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk