wrapper

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы орталығы Ақсуат ауылы «Ұранхай қажы» мешіті аудан шәкірттер арасында «Абай тағылымын кім көп біледі» атты сайыс өткізді.

Бұл бәсекеге аудан бойынша 20-дан астам шәкірттер қатысты. Әр топ Абай өлеңдерінен және қара сөздерінен жаттап және мәнерлеп оқу бойынша сайысқа түсті. Сонымен қатар бәсекенің 3-ші бөлімінде ұлы Абайдың өмірінен қойылған сауалдарға жауап берді.

Бұл іс-шара туралы «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Құсманұлы былай деді. «Абай мұрасын таныту, насихаттау ұлттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзі. Осы мақсатта біз атаулы шараны өткізіп отырмыз. Ұлы ақынның терең ойлары, өлеңдерімен қара сөзері қай заманда болмасын жақұттай жарқырап, көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ. Абай мұрасы жаңа ұрпақпен бірге жасай береді» деп атап өтті.

Сайысқа қатысушылардан топ жарып озып шыққан жүлдегерлерге мешіт атынан сыйлықтар табыс етілді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk