wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағы Зекет қорының өкілі Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «Қайырымдылық-қадірлі іс» атты қайырымдылық шарасын жасады.

«Зекет» қорының атынан Өскемен қаласындағы тұрмысы төмен отбасылардың әлеуметтік тізімі бойынша мұқтаж отбасыларға көмек үлестірілді. Қайырымдылық шарасы ҚМДБ-ның 30 жылдығына арналды. Бұл игі іске 40 отбасы қамтылды.

Іс-шара туралы: «Тұрмысы төмен отбасыларға көмек ретінде азық-түліктің қайырымдылығын жасап отырмыз. Бұл бағытта өңірдің «Зекет қоры» барлық мешіттермен бірлесіп жүйелі шаралар атқарып жатыр. Мұқтаж отбасыларға қол ұшын беру, дінімізде аса сауапты амалдардың бірі» деп атап өтті, ҚМДБ Өскемен аймағының «Зекет» қоры бойынша жауапты қызметкері Аманбол Қуатұлы. Ол сонымен қатар қайырымдылық ісі жүйелі жалғасатындығын айтып өтті.

Қайырымдылық шарасына қамтылған отбасылар өкілдікке өз ризашылықтарын жеткізді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk