wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бас имамы Ермек Қасболатұлы Шығыс Қазақстан облыстық «ALTAI» арнасында тікелей эфирде сұхбат берді. Бас имам өз сөзінде «Жеті рухани қазық» рухани тұғырнамасын тарқата баяндап, тұғырнаманы насихаттаудың маңызына тоқталып өтті.

Бас имам сұхбатта өңірдегі діни ахуалға тоқталып, өткен жылғы атқарған жұмыстар туралы баяндады. Бас имам өз сөзінде «Халифа Алай» мешітінде ТМД бойынша ең озық саналатын «Ислам мәдениеті мұражайының» ашылуы, жастар жылына орай барлық облыстардан 80-нен астам жас қатысқан республикалық «Жас толқын: дала семинарының» шығыста ұйымдастырылуы және ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің «Ұлы дала төсіндегі Ислам» кітабы бойынша «Рухани орындарға сапар» жобасына өңірден 15 оқушы қатысып, Арыстан баб, Түркістан, Айша бибі кесенелеріне сапар жасауы және «Ел үлесі-пәтерге» жобасы арқылы өңірде 2 баспананың берілуі қатарлы игі істер туралы айтты.

Бас имам: «Биыл еліміз үшін және өңіріміз үшін аса маңызды оқиғаларға және маңызды аталарға толы жыл болып отыр. Абайдың 175, әл-Фарабидің 1150, Алтын Орда 750 жылдығымен қатар ҚМДБ-ның құрылғандығына 30 жыл толып отыр. Осы мерейтойларда қарсаңында өкілдіктен бірқатар ізгілік шараларын жасау қолға алынады. Атап айтқанда ауылдарға құдық азу, баспанаға мұқтаж діни мамандарды баспаналы болдыру, әлеуметтік мекемелерге қарттар және балалар үйлеріне көмек көрсету қатарлы қайырымдылық шараларымен қоса ұлы тұлғалардың рухани келбетін танытатын бірқатар танымдық жиындар мен сайыстар өткізу жоспарланып отыр» деп айырықша атады.

Ермек Қасболатұлы сонымен қатар өңірдегі кей ауылдардағы діни мамандардың жетіспеушілігін шешу мақсатында жасалатын шаралар және діни рәсімдерді бірізділікке түсіру туралы бастамаларын жеткізді.

Бас имам өңір тұрғындарынан түскен сұрақтарға жауап берді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk