wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ құрылғандығына 30 жыл толуына орай Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы «Маралды ауылдық мешіті» жастар арасында хоккейден сайыс өткізді. Сайысқа аудан бойынша 4 команда қатысып, өзара тартысты ойын көрсетті. Бәсекені ауыл халқы келіп тамашалады.

Іс-шара жайлы: «Қысқы спорт түрлерінен сайыс өткізудегі мақсатымыз жастарды спортқа баулу, исламдағы денсаулық қағидасын насихаттау, жастардың ынтымақ-бірлігін арттыруға бағытталып отыр. Ауылымызда спортшы жастар көп. Біз мешіт тарапынан оларға әркез қолдау көрсетіп келеміз» деп атап өтті, ауыл имамы Д.Бақытбек.

Жеңімпаз командаға «Маралды ауылдық мешітінің» атынан қаржылай сыйлық және марапат ұсынылды.

Ауыл имамы осы бағыттағы сайыс бәсекелер алдағы уақытта да жалғасын таба беретіндігін жеткізді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk