wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мешіті тай жарысын өткізді. Бәйге десе делебесі қозатын қазақ баласы бұл жарыстан шет қалған жоқ. Жарысқа атбегілер аудан көлеміндегі бәйгелерге қатысып жүрген өз жүйріктерін үкілеп қосты. Бұл жолы оншақты жүйрік тай бәйгеге қосылды. Бір сәтте дала төсі шабандоздардың қиқуымен тұлпарлардың дүбіріне толып кетті.

Шашасына шаң жұқпай, оза шауып мәреге алдымен жеткен жүйріктерге Көкпекті ауднының бас имамы Дүйсен Нұрнәсір қаржылай сыйлық табыс етті.

Бәйге туралы: «Біз ұлттық ат спортын қолдау, салауатты өмір салтын насихаттап, жастарадың ұлттық спортқа деген қызығушылығын ояту мақсатында осы бәйгені ұйымдастырып отырмыз» деп атап өтті, ауданның бас имамы өз сөзінде.

Шараны тамашалауға жиналған көрермендер бәйгенің қызықты өткендігін айтып, аламанды ұйымдастырған аудан мешітіне алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk