wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы «Маралды ауылдық мешіті» өңірілік Құран және азан жарысын өткізді. Шараға аудандық және ауылдық мешіттердің шәкірттері қатысты. Сайысты ауыл жамағаттары келіп тамашалады.

Жарыс туралы «Маралды ауылдық мешітінің» бас имамы Дидаш Бақытбек: «Бұл сайыс өңірімізде Құран оқудың шеберлерін анықтаған жоғарғы деңгейлі бәсеке болды. Сайысқа жастар аса ынталы қатысты. Қасиетті Құранды құрметтеп, бар ынта-жігерін сайысқа арнаған шәкірттерімізге алғыс білдіреміз» деді. Ол сонымен қатар сайысқа ауылдың кәсіпкер азаматтары демеушілік жасап, асыл дініміздің мәртебесін арттыруға қолдау көрсеткендігін айтып өтті.

Құран жарысынан бас жүлдегер соңғы үлгідегі смартфонмен ал азан жарысының бас жүлдегері ноутбукпен сыйланды. Барлық қатысушыларға мешіт атынан ақшалай сыйлық үлестірілді.

Марапаттау шарасында Күршім ауданының бас имамы Т.Соян жүлдегерлерді құттықтап, жиналған қауымға Құранның кереметі жайлы насихат айтты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk