wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын насихаттау айлығының аясында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық «Байжігіт баба» мешіті жамағат арасында «Жеті рухани қазық-жақсылық жолы» атты шығармашылық байқау өткізді. Сайыс қорытындысы жұма намазында халық алдында шығарылып, жүлдегерлер марапатталды.

Байқауға ауыл жастары белсенді қатысып, оннан асса метариал келіп түсті. Шығармашылық сайысқа қатысқан материалдарға «Жеті рухани қазық» тұғырнамасындағы құндылықтарды шығармаға арқау ете отырып, терең талдап, тарқату талабы қойылған болатын. Сайысты қазылар алқасы сараптап лайықты шығармаларға жүлде тағайындалды.

«Байжігіт баба» мешітінің бас имамы Аманкелді Жарасов: «Аталған рухани тұғырнамадағы ізгі қасиеттер халықтың да көңілінен шығып, бүгінгі қоғамның өзекті құндылықтары деп бағаланып отыр. Біз осы тұғырнаманы жамағаттар арқылы жаңа форматта насихаттап отырмыз» деп атап өтіп, жүлдегерлерге мешіт атынан ақшалай сыйлық ұсынды.

Өңірде рухани тұғырнаманы насихаттау айлығы жалғасып жатыр.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk