wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен Өскемен өңірі аудан имамдарының басын қосқан алқалы жиын өтті.

Жиыналысқа төрағалық жасаған Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолин: «Өткен қазан айындағы Республикалық имамдар форумында бірқатар тарихи маңызы бар құжаттар қабылданды. Соның бірі Жеті рухани қазық атты рухани тұғырнама. Исламдағы басты құндылық имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық және мәдениеттілік, әділдік қатарлы негізі қасиеттер болып саналады. Осы құжаттарды кең көлемде насихаттауымыз керек» дей келе, тұғырнама жайлы кең көлемде баяндады.

Жиында биылғы жылғы өкілдіктен атқарылған істер баяндалып, жыл қорытындысына байланысты ескертпелер талқыланды.

Жиналыста Д.Қабидолдин аудан имамдарына ҚМДБ-ның 30 жылдығына байланысты «30 игі шара» жобасындағы міндеттерді толықтай жүзеге асыруды тапсырды. Сонымен қатар осы мерейлі мерекеге орай өңірде атқарылатын рухани шаралар ұйымдастыру туралы да айтып өтті.

Басқосуда имамдар мешіт қызметкерлерінің әлеуметтік мәселесін жақсартуға байланысты өз ұсыныстарын білдірді. Жиында имамдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk