wrapper

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінен «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын насихаттау айлығын жариялап, аудан қала мешіттері осы құжатты жамағатқа, халыққа насихаттаған жиындар өткізуді тапсырған болатын.

Осы шара аясында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық «Ұранхай қажы» мешітінің ұйымдастыруымен аудандық кітапханада «Жеті рухани қазық-игілік негізі» атты жиын болып өтті. Іс-шараға аудан мешітінің қызметкерлерімен ауыл имамдары, аудан тұрғындары, ақсақалдар, жастар және кітапханашылар қатысты.

Таныстырылым барысында «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Жортымов жиналғандарға аталған құжаттың адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы маңызын айта келе, тұғырнаманы насихаттау, халыққа жеткізудің қажеттілігіне тоқталды.

А.Жортымов: «Бүгінгі таңда рухани құндылықтарды орнықтыру, қоғамда ізгілікпен имандылық қағидаларын насихаттау аса маңызды. Жеті рухани қазық адам бойынан табылатын игі қасиеттерді топтастырған бірегей құжат» деп атап өтті.

Жиында аудандық ақсақалдар кеңесімен ардагерлер алқасының мүшелері, кітапханашылар сөз алып, рухани тұғырнамадағы құндылықтар жайлы өз ойларын ортаға салды.

Жиында ауыл имамдарына аталған тұғырнаманы таратып, насихаттау міндеті жүктелді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk