wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мешітінің ұйымдастыруымен Мәуліт айының құрметіне орай жастар арасында ауданаралық футболдан сайыс жүрілді. Бәсекеге Тарбағатай, Күршім, Зайсан аудандарынан командалар қатысты. Сайыстар аса тартысты, қызықты болып өтті. Футбол бәсекесін аудан жұртшылығы тамшалады.

Іс-шараға көрші аудандардың бас имамдары қатысып, спортшылар алдында сөз алып, мәуліт айының ерекшелігі туралы насихат айтты. Бәсекеде жеңімпаздарға және белсенді қатысқан командаларға сыйлықтар табыс етілді.

Бұдан соң аудандық мешітте Алла Елшісіне(с.ғ.с) салауат айтылып, мәуліт оқылды. Іс-шара туралы Зайсан аудандық мешітінің бас имамы Тимур Елеуов: «Мәуліт мерекесін әртүрлі форматта белгілеп өткізіп жатырмыз. Бұл сайыс жастардың спортқа қызығушылығын арттыру, береке-бірлігін нығайту мақсатында ұйымдастырылды» деп атап өтті

Ақ дастархан басында салауатты насихат айтылып, ән-терме қалықтады.

Жиналған қауым мәуліт мерекесіне жоғары баға берді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk