wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Уағыз-насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Батыржан Мансұров С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың студент жастарымен «Діни білім-тәрбие баспалдағы» атты кездесу өткізді. Жиынды ҚМДБ Өскемен аймаының бас имамы Ермек Қасболатұлы ашып, діни білімнің тәрбиеге ықпалы туралы сөз сөйледі.

Кездесуде ҚМДБ бөлім басшысы Б.Мансұров рухани тәрбие туралы тарқата айта келе, өткенде ғана республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы туралы кең көлемде таныстырып өтті. Б.Мансұров: «Бұл құжатта адамгершілік асыл құндылықтар тұтастай шоғырландырылған. Аталған тұғырнаманың қоғамда ізгіліктің салтанат құруына ықпалы зор. Жастардың білімді, отаншыл, иманды, әділ, еңбекқор болып өсуі Тәуелсіз еліміздің нығаюы үшін аса қажет» деп атап өтіп, ғибратты насихат айтты.

Б.Мансұров соынмен қатар жастардың сауалдарына жауап бере келе, «Жастар жылында» ҚМДБ тарапынан жасалған ізгі шаралар жайлы да айтып өтті.

Оқу орны басшылығы Б.Мансұровқа тағылымды әңгімесі үшін алғыс айтты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk