wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ «Зекет» қорының Өскемен аймақтық бөлімінің ұйытқы болуымен Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылының тұрғыны көпбалалы Д.Алтайханның отбасына 4 бөлмелі үй берілді.

Ізгілік шарасы Мәуліт мерекесінің қарсаңында «Мейірім нұры» атты рухани кеште жасалды. Баспана кілтін ҚМДБ Уағыз-насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Батыржан Мансұров және ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы табыс етті.

Баспана табыс ету салтанатында ҚМДБ бөлім басшысы Б.Мансұров: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ел үлесі-пәтерге акциясын жариялаған болатын. Осы акцияның нәтижесінде ел көлемінде бүгін міне, 150 - отбасыға баспана табыс етіліп жатыр. Бұл Алла Елшісінің (с.ғ.с) ардақтаған ең бір сауапты істерінің бірі, ұйымдастырып жатқан өкілдіктің үлкен еңбегінің нәтижесі» деп атап өтті.

Баспанаға ие болған көпбалалаы Д.Алтайханның отбасы игі істі ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдірді.

«Ел үлесі-пәтерге» жобасы өңірде алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk